«Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме өтті

«Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме өтті

«Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме өтті
ашық дереккөзі
50324
Биыл Түркия мен Қазақстанның дипломатиялық байланыс орнатқанына 30 жыл толады. Осы орайда, Нұр Сұлтандағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы Елшілігі мен ҚР Ұлттық музейдің қолдауымен «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме ұйымдастырды. Көрмеге Гөбеклітепеде табылған 30 фото қойылды. Салтанатты іс-шараның ашылуына Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер қауым  және оқушылар қатысты.  width= Гөбеклітепе ғибадатханасы – Түркияның Шанлыурфа қаласының орталығынан 18 км жерде, Өренжик ауылының маңында орналасқан әлемнің ең көне культтік ескерткіші. Бұл құнды ескерткіштер Мальтадағы ғибадатханадан шамамен 6 500 жыл, Стоунхенджден 7 000 жыл және ал Мысыр пирамидаларынан 7 500 жас үлкен. Алғаш рет 1963 жылы Ыстамбұл университеті мен Чикаго университеті жүргізген «Оңтүстік-Шығыс Анадолыдағы тарихқа дейінгі зерттеулер»  кезінде табылған.  Негізгі сенсациялық экспонаттар 1994 жылы Гейдельберг университетінің ғалымы Клаус Шмидт аймақта  жүргізген қазба жұмысы кезінде шығарылды. Гөбеклітепе осыдан 69  жыл бұрын 1963 жылы басталған Ыстамбұл және Чикаго университеттерінің «Оңтүстік-Шығыс Анадолы тарихнамасы» атты зерттеу жобасы аясында жүргізілген жоба кезінде археологтардың назарын аударды. Қазба жұмыстары ғылым докторы  Халет Чамбел және профессор Роберт Джон Брейдвудтың басшылығымен жүргізілді. Зерттеулер кезінде қорғанның бетінен жиналған олжаларға сүйене отырып, Шанлыурфа аймағындағы Бирис қорымы мен Сөгут егіс даласында құнды артефактар бар екені анықталды.

Фото: автор

   

Серіктес жаңалықтары