"Дом-2" реалити-шоуы Қазақстанда кастинг өткізеді

"Дом-2" реалити-шоуы Қазақстанда кастинг өткізеді

"Дом-2" реалити-шоуы Қазақстанда кастинг өткізеді
ашық дереккөзі
163
Қазақстанда танымал "Дом-2" реалити-шоуының түсірілімдері басталады. Астанада кастинг өткізу үшін бағдарламаның қазіргі кастинг директоры Андрей Черкасов келеді, - деп хабарлайды VistaNews.ru. Басылымның мәліметінше, тележоба өзінің жұмыс аясын кеңейтпек. "Енді тележоба ұйымдастырушылары реалити-шоуға жаңа қатысушыларды таңдау үшін Қазақстанда кастинг өткізуді жоспарлап отыр", - деп жазады басылым. Айта кетейік, танымал телешоудың жаңа маусымы жақын арада басталады. Тележоба өкілдері кастингтің Астанада басталатынын айтты. Қатысушыларды іріктеу кезеңін жобаның жаңа директоры Андрей Черкасов жүргізеді. Басылымның мәліметінше, Андрей Черкасов шоуға жаңа адамдарды шақыру үшін Қазақстанға арнайы келмекші. Сондай-ақ, "Dni24.com" басылымы жобаның көрермендеріне сілтеме жасай отырып, Ресей тұрғындарының бұл бағдарламаға қатысқысы келмей қалғанын жазып отыр.Андрей жобаға "көкек аналарды" қатыстырмайды, яғни, енді "Дом-2" жобасына қатысу үшін балаларын тастап кетіп жатқан әйелдер қатыспайды. Сондай-ақ, Черкасов әлеуметтік желілерге өздерінің ашық-шашық суреттерін жүктеген қыздарды да жаңа кастингке қатыстырмайтынын айтты", - деп жазады "7 Новости". Алайда, осы жобаның кері тәрбие беретіндігі жөнінде Қазақстан көрермендері тұрмақ, Ресейдің жер-жердегі тұрғындары дабыл қаққан болатын. Сөйте тұра, жобаның жалғасын табуына, оның үстіне түсірілімі Қазақстанда болатындығы көңілді су сепкендей басып отыр. 

Серіктес жаңалықтары