Түркіменстан Азиада -2017 ойындарының пиар кампаниясын бастады

Түркіменстан Азиада -2017 ойындарының пиар кампаниясын бастады

Түркіменстан Азиада -2017 ойындарының пиар кампаниясын бастады
ашық дереккөзі
321
Түркіменстанның сыртқы істер министрлігі Ашхабадта өтетін «Азиада-2017» ойындары алдында әлемдік қауымдастыққа арналған арнайы бағдарлама әзірледі.
Азия ойындарын жарнамалау жұмыстары аясында өзге елдердің тәжірибесін зерттеу үшін түркімен мамандары ақпан айында Саппорода (Жапония) өтетін Қысқы Азия ойындарына, қаңтар-ақпан айында Алматыда (Қазақстан) өтетін Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға және шілде айында Бакуде (Әзірбайжан) болатын Исламның спорт ойындары жарыстарына қатысады екен. Түркімен билігінің хабарлауынша, БҰҰ-ның Нью-Йорктегі және Женевадағы штаб-пәтерлерінде арнайы көрме өткізу қарастырылған. Ресми ақпаратқа қарағанда, сыртқы істер министрлігі шетелдік ақпарат агенттіктерімен байланыс орнатып, Youtube, Facebook, Twitter және Instagram секілді әлеуметтік желілермен байланыс жасайды. Түркіменстан сөз бостандығы жоқ елдер қатарына кіреді. Аталған әлеуметтік желілер де елдің ішінде жабық. Түркімен билігі ақпараттандыру жұмыстарына қанша ақша бөлетінін нақты жарияламайды. Тек ғана Олимпиада қалашығын тұрғызуға 5 миллиард доллар және жаңа әуежай құрылысына 2.3 миллиард АҚШ доллары жұмсалғаны белгілі. Қазір Азиада-2017 ойындары кезінде жұмыс істеуге қабылетті студенттер және жастар арасынан шет тілін білетін, тегін жұмыс істеуге келісетін еріктілерді жинап жатыр.

Серіктес жаңалықтары