Оңтүстікте жылына 5000 дана жиһаз шығаратын кәсіпорын іске қосылды

Оңтүстікте жылына 5000 дана жиһаз шығаратын кәсіпорын іске қосылды

Оңтүстікте жылына 5000 дана жиһаз шығаратын кәсіпорын іске қосылды
ашық дереккөзі
221

Шымкенттегі «Тассай» индустриялды аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі болып табылатын зауыт іске қосылды. «Мега Смарт» жобасының ашылу салтанатына Оңтүстік  Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  қатысып, зауыттың жұмыс барысымен танысты.

Өңір басшысы облыста құрылған барлық индустриялды аймақтарда экономикасын әртараптандыру мен кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан тиісті жағдайлардың жасалғандығын жеткізді.

«Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынуда. Солардың бірі – «Мега Смарт» ЖШС-ның МДФ жылтыр плитасын және жиһаз шығаратын зауыты. Осы жоба бойынша облысқа 545 млн.теңге инвестиция тартылып, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылды» – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған кәсіпорын 3D форматындағы жылтыр тақталарды дайындайды. Жылына 72 мың МДФ панелдерін және 5000 дана жиһаз шығарады. Кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар жасайды. Дайын тауарға жұмсалатын   шикізаттың 94 пайызы жергілікті өнім. Оның қатарында мақта талшығы да қолданылады.

«Мега Смарттың» өнімдеріне Қазақстанда сұраныс жоғары. Жылтыр тақталарды Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспорттауға келісімшарттар жасалуда. Сондай-ақ, Ресей елімен де келісім бар.  

Зауыттың қазіргі таңда Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында арнайы өкілдіктері жұмыс жасайды. Алдағы уақытта еліміздің қалған өңірлерінде де өкілдіктерін ашу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары