Серік Ахметов жаза мерзімін қысқартуды сұрады
Серік Ахметов жаза мерзімін қысқартуды сұрады
Бұрынғы премьер-министрі, Қорғаныс министрі қызметін атқарған Серік Ахметов жаза мерзімін қысқартуды өтінуде. "Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты" және "өкілетін асыра қолданды" деген бірнеше баппен сотталған экс-шендінің бұл өтініші Қарағанды облысы Абай аудандық сотына түскен. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
8 жылға бас бостандығынан айырылған Серік Ахметов жазасының өтелмеген мерзімінің төрттен бір бөлігін азайту туралы ұсыныс жасаған. Түрмеге қамау мерзімін азайту туралы өтініште "Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жарияланған рақымшылыққа" сілтеме жасалған көрінеді. Ұсынысқа Қарабас кентіндегі 159/18 мекемесінің басшысы қол қойыпты. Алайда экс-премьердің өтініші қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Аталмыш іс бойынша 7 түрлі эпизодпен 21 адам айыпталған болатын. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты жемқорлық ісіне қатысты сотты болған 11 адамның жазасын жеңілдетіп, бұған дейін Ахметовтің жазасын 10 жылдан 8 жылға дейін азайтқан еді.