Жамбыл облысында боранда қалған адамдар құтқарылды

Жамбыл облысында боранда қалған адамдар құтқарылды

Жамбыл облысында боранда қалған адамдар құтқарылды
ашық дереккөзі
396

Жамбыл облысындағы боран көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, адамдар қар құрсауында қалды. Аталмыш облысқа қарасты Жуалы ауданында ондаған көлік қар құрсауында қалып, жедел құтқару жасағы 41 адамды құтқарып алды. Оның бесеуі – бала. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлайды. 

Арнаның хабарлауынша, құтқару жұмыстарына арнайы техника тартылып, жолда тұрып қалған 25 көлік шығарылды. Жолаушылар 10 шақырым жердегі Көлтоған ауылына жеткізілді. Оқиға түнгі уақытта «Бауыржан Момышұлы – Қошқарата» бағытындағы облыстық маңыздағы жолда болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше қазір өңірдегі барлық бағыт бойынша жолдар ашық. «Ауа райының өзгеруіне байланысты бұқаралық ақпарат арқылы, СМС хабарлама арқылы халыққа осы ақпарат жеткізілген. Дабылдық ескерту бойынша. Бірақ соған қарамай адамдар жолға шығып осындай жағдайға ұрынды. Тек өздерін ғана емес, қасындағы балаларға да қауіп төндіреді. Алдағы уақытта хабарламамызды еске алып, жолға шықпауларыңызды сұраймыз», – дейді Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік  қызмет басқармасының басшысы Азат Әбдіразақов.

Серіктес жаңалықтары