Борышкерлер әкімшілік жазаға тартылады

Борышкерлер әкімшілік жазаға тартылады

Борышкерлер әкімшілік жазаға тартылады
ашық дереккөзі
347

Ақмола облысының сот орындаушылары қарызын өтеуден қашқан борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесіне баса назар аударуға шешім шығарды. Мұндай мәліметті Ақмола облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметі жариялады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту алимент, жалақы және мемлекет кірісіне өндірілетін әкімшілік айыппұлдарды төлемегендерге қатысты. Облыстық сот орындаушыларының сөзіне сенсек, сот шешімін орындауда борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту оларға ықпал етудің басты тетігі болып саналады екен. Ақмола облысында 2015 жылдың алғашқы тоқсанында әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 184 материал сотқа жіберілген. Биылғы жылы әкімшілік жауапкершілікке тартылған борышкерлер саны 178-ге жетіпті. Олардың ішінде 98-і түрмеге қамалса, 80 борышкер әкімішілік айыппұл төлеуге міндеттелген. Қарызын өтемегендерді әкімшілік жауапкершілікке тартудың нәтижесінде өндірілетін сома да ұлғаяды. Мысалы, жыл басынан бері қарай 14093 атқару құжаты тәмамдалып, 5 миллиард теңге көлеміндегі қаржы өз иесін тауыпты. Сондықтан, сот орындаушылары борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту ісін тоқтатпақ емес.

Серіктес жаңалықтары