Бала анасымен бірге қанша жасқа дейін ұйықтай алады? – Психолог жауабы

Бала анасымен бірге қанша жасқа дейін ұйықтай алады? – Психолог жауабы

Бала анасымен бірге қанша жасқа дейін ұйықтай алады? – Психолог жауабы
ашық дереккөзі
50414
Психолог, медицина ғылымдарының кандидаты Светлана Молчанова «Доктор Питер» басылымына берген сұхбатында балалардың ата-аналарымен бірге қанша жасына дейін ұйықтау керектігін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, бала өмірге келгеннен кейінгі алғашқы айларда анасының жанында мүмкіндігінше жиі болуы керек. Алайда екі-үш жасқа толғаннан кейін баланы бөлек төсекке жатқызу керек, әйтпесе оның дамуында мәселелер туындауы мүмкін.
«Мамандар баланың дамуында екі кезеңді ерекше бөліп қарастырады. Ол – 2-3-тен 9-10 жасқа дейінгі аралық. Ол кезде балаларда тұлға ретінде қалыптасу процесі белсенді түрде басталады, олар өзін қоршаған әлемді тани бастайды. Егер осы кезеңде ата-аналар балаларға өз шекарасын орнатуға, соның ішінде өз төсегінде ұйықтауға мүмкіндік бермесе, балалардың психикалық дамуы баяулай бастайды», - дейді Молчанова.
Психологтың пікірінше, баланың ұйықтайтын орнын ауыстыру процесі аяқ астынан болмауы маңызды. Ата-ананың бірі бастапқы кезеңде баламен бірге төсегінде жатып, шамды жағулы күйде қалдырып, сүйікті ойыншығын беріп, шыдамдылық танытуы керек.
«Егер алғашқы күндерде түн ортасында балаңыз жаныңызға келсе, оған ұрысып қажеті жоқ. Ұлыңызға немесе қызыңызға оның жанында екеніңізді, оны жақсы көретініңізді және кез келген қауіптен қорғай алатыныңызды сезінуі әлі де маңызды. Балаңызды достарыңыз бен туыстарыңыздың алдында мақтауды ұмытпаңыз. Оның өскенін, өз төсегі немесе бөлмесі бар екенін айтып мақтаңыз», - дейді психолог.

Серіктес жаңалықтары