506
Қазақстан темір жол транзиті тарифін шамамен үш есеге түсірді
Қазақстан темір жол транзиті тарифін шамамен үш есеге түсірді
"Қазақстан Темір Жолы" компаниясы Қырғызстаннан Ресейге транзит тарифін төмендетті. Бұл туралы "ҚТЖ-Жүк тасымалдары" АҚ президенті Оралхан Құлақов хабарлады.
"10 қаңтардан бастап "ҚТЖ" Қырғызстан үшін тиімді транзит тарифін енгізді. Өйткені Қырғызстан ЕЭҚҰ-ға мүше", - деді ол.
Құлақовтың айтуынша, Луговая станциясынан Илецк станциясына дейінгі тариф бағасы бұрын 5 155 доллар болса, қазір ол - 1 820,7 доллар. Осылайша тариф шамамен үш есеге төмендеді.
Қырғызстанға арналған тарифтің төмендеуінен 42 миллиард теңге шығын шығады, бірақ ол шығынды жүк тасымалының шамамен үш есеге өсуімен жабуға болады.