51367
Баланың жеке шекарасын сақтау сән бе, қажеттілік пе?
Баланың жеке шекарасын сақтау сән бе, қажеттілік пе?
Ата-анаға баланың жеке шекарасына қатысты мәселелерді шешу өте маңызды. «Ангел» балалар қауіпсіздігі орталығының жетекшісі Зарина Джумагулова I-BALAQAI-ға берген сұхбатында балаға шекара қоюға қалай көмектесетіні туралы айтып берді деп хабарлады turkystan.kz.
Ересектердің баланың шекарасын бұзу мысалдары:
– Баланы жазалау, ұру;
– 6 жастан кейін баланың бөлмесіне есігін қақпай кіріп кету. Балаға міндетті түрде бөлмеге есік қағып кіруді үйретіңіз және өзіңіз де солай істеңіз;
– Балаға ыңғайсыздық тудырып, шағымдарын елемеу: аяқ киімінің тар болуы, ауа райының ыстық немесе салқын болуы;
– Ересектердің баланы басқа адамның алдында ұятқа қалдырғанының өзі баланың психологиялық шекарасын бұзу болып есептеледі. Ең дұрысы – кез келген жағдайда баламен бетпе-бет отырып сөйлесу;
– Баланы басқа адамдардың көзінше бір әрекет істеуге мәжбүрлеу;
– Бала қаламаған кезде сүю немесе құшақтау;
– Педиатр, стоматолог, шаштараз және басқа мамандар баланың көзінше жұмысына кірісіп, алайда балаға не істеп жатқанын түсіндірмей, манипуляция жасаса, баланың шекарасы бұзылады.