Сапар Байжанов көсемсөзі ғылыми айналымға енді

Сапар Байжанов көсемсөзі ғылыми айналымға енді

Сапар Байжанов көсемсөзі ғылыми айналымға енді
ашық дереккөзі
1040
1 қараша күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінде филология ғылымдарының кандидаты Ғалия Ақсейіттің «Сапар Байжановтың публицистикасы» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Жиынға қаламгердің жары Күләш Бей­сен­биева, Парламент Мәжілісінің депутаты Сауыт­бек Абдрахманов, Журналистика жә­­не саясаттану факультетінің деканы Қай­­рат Сақ, белгілі журналист Сайраш Әбіш­­қызы, жазушы Айгүл Кемелбаева, ка­федра меңгерушілері Амангелді Шурен­таев пен Серікзат Дүйсенғазы және факультет ға­лымдары қатысты. Қазақ журналистикасының аға буын өкіл­дері мен Журналистика және саясат­тану факультетінің студенттері бас қосқан жиын әсерлі де қызықты өтті. Кәсіби жур­на­листердің естеліктері мен ақыл-кеңес­тері, мамандықтың сырлары туралы айт­қан­­дарын жастар қауымы ерекше қызы­ғу­шы­лықпен тыңдады. Арасында ән айты­лып, күмбірлеген күй шертілді. Қаламгердің жа­ры Күләш Бейсенбиева, замандасы Сай­раш Әбішқызы жарты ғасырға жуық ғұ­мырын қазақ журналистикасына арна­ған Сапар Байжановтың ұлағатты өмірі ту­­ралы жылы естелігін айтты. Ал осы сала­да­ғы еңбегі ерен тұлға Сауытбек Абдрах­ма­нов Сапар Байжановтың қазақ журналис­ти­касын сапалық жағынан жаңа деңгейге көтергенін жеткізді. «Жаңа осында студент­тер­дің аузынан «баспасөз өнері» деген сөз ай­тылып қалды. Өте дұрыс. Баспасөзді өнер деңгейіне көтеруге Сапар Байжанов сын­ды тұлғалар аянбай еңбек етті. Ол кісі­нің елу жыл ғұмырын арнаған көсемсөзі ғы­лыми еңбек ретінде жарық көруге әбден лайық», – деді. Жазушы Айгүл Кемелбаева Са­пар Байжановтың қабырғалы қаламгер ға­на емес, адамгершілігі мол қайраткерлігін, жас­тарға қамқорлығын сөз етті. Осылайша, болашақ журналистерді оқы­тып, мамандықтың қыр-сырын үйре­тудегі маңызы зор ғылыми еңбектің тұсауы ке­сіліп, оқырмандарына жол тартты.

Б.БАЛЫҚБАЙ

Серіктес жаңалықтары