Ақтөбеде жедел жәрдем қызметі жеке инвесторға берілді

Ақтөбеде жедел жәрдем қызметі жеке инвесторға берілді

Ақтөбеде жедел жәрдем қызметі жеке инвесторға берілді
ашық дереккөзі
500

Елімізде тұңғыш рет жедел жәрдем қызметі жеке инвестордың қолына берілді. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Арнаның хабарлауынша, Ақтөбе қаласында он екі күннен бері алғашқы медициналық көмек көрсетуді жеке компания құзырына алыпты. Жедел жәрдем қызметін қолына алған компания басшылығы жедел қызмет уақытын 25-30 минуттан 15 минутқа дейін қысқартамыз деп сендіріп отыр. Қазір аталмыш жеке компания жедел жәрдем қызметін жеті жылға келісімшартпен алған.

Осылайша, 2017 жылдаың алғашқы күндерінен бастап Ақтөбедегі жедел жәрдем қызметі түркиялық компанияның қарамағына ауысты. Енді науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсететін қызмет инвестордың меншігінде. Ал мемлекет жеке компанияға бір қоңырау үшін 12 мың теңге төлейтін болады.

Дегенмен, Ақтөбедегі жедел жәрдем қызметінің сапасы әлі де реттелмеген. «Алғашқы көмек» ЖШС директоры Бақытжан Түрметов: «Біздің барлық проблемалардан хабарымыз бар. Бұл бір күнде шешілетін нәрсе емес. Қазір линия жетіспейді, кейде машина жетіспейді. Біз машиналарымыздың санын көбейтіп жатырмыз. Биыл жаңа 34 машина алып келдік. Өзімізде де 35 машина бар. 70 машинамен толық Ақтөбе қаласына қызмет көрсетеміз», – деп отыр.

Күніне 800-ге жуық шақырту түсетін Ақтөбенің жедел жәрдем қызметінде әзірге өзгерген ештеңе жоқ. Бірақ жаңа басшылық ақсап қалған қызметтің жұмысын жақсартамыз деп уәде беруде. Алдағы уақытта тұрғындардан қоңырау қабылдайтын жаңа 15 адамдық орталық ашылмақ.

Серіктес жаңалықтары