11-сынып оқушысы 7-сыныптан бері туған әкесінен зорлық көрген

11-сынып оқушысы 7-сыныптан бері туған әкесінен зорлық көрген

11-сынып оқушысы 7-сыныптан бері туған әкесінен зорлық көрген
ашық дереккөзі
50231
«НемолчиKz» қорының басшысы Дина Таңсәрі Шымкентте 11-сынып оқушысының 7-сыныптан бері туған әкесінен зорлық көріп келе жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
«TikTok-та шымкенттік 11-сынып оқушысы 7- сыныптан бері оны туған әкесі зорлап келе жатқанын айтты. Қыз өзіне екі рет қол салмақ болған, өзі хабарлауға қорқады, көпбалалы отбасыдан шыққан» деп жазды Дина Таңсәрі.
Дина Таңсәрі жасөспірімнен алған барлық ақпаратты Шымкент қалалық ПД-ға берді. Департаменттің баспасөз қызметі жасөспірімнің жақындары, өзі жыныстық зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығаратынын айтып, мәлімдемеге түсініктеме берді.
«Бұл факт ҚР ҚК 122-бабы бойынша «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас» бойынша Шымкент қ.Қаратау тобының СДТБТ-да тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, оның ішінде бірқатар сараптамалар тағайындалды. Психологтар жасөспіріммен жұмыс істейді. Алайда кәмелетке толмаған қыз және оның ата-анасы полицияға қандай да бір өтініш беруден бас тартып, зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарды. Іс Шымкент қаласы ПД басшылығының ерекше бақылауында», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары