Алматыда ХҚКО-да тағы бір адам қайтыс болды

Алматыда ХҚКО-да тағы бір адам қайтыс болды

Алматыда ХҚКО-да тағы бір адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
206
Алматыда Алатау ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) 1964 жылы туған азамат қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ресми мәліметіне сілтеме жасай отырып. «2017 жылдың 16 қаңтарында Алматыдағы Алатау ХҚКО-да 1964 жылы туған Жарас Кунтаков есімді азамат қайтыс болды. Марқұм жолдасымен бірге ХҚКО-ға «мекен жай бойынша азаматтарды тіркеу» талабы бойынша сағат 9:30-да келген. Бұл уақытта аталған ХҚКО-да халық көп жиналмаған. Ол жолдасы құжаттарды толтырып жатқан уақытында электронды кезек талонын алмақ болған, алайда оны алып үлгерместен 09:42-де өзін нашар сезіне бастаған. Оған ХҚКО-да кезекшіліктегі дәрігерлер дереу медициналық көмек көрсетті. 09:52-де «Жедел жәрдем» көлігі келіп жеткен. Алайда, дәрігерлер оның жанына араша түсе алмады», делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» хабарламасында. Сонымен қатар, аталған корпорация созылмалы сырқаты бар жандарға ХҚКО-ға кісі көп жиналған уақыттарда бармауға кеңес берді. Еске сала кетейік, 11 қаңтар күні Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі ХҚКО-да Боралдай аулының тұрғыны қайтыс болған.  

Серіктес жаңалықтары