251
Денсаулық сақтау министрлігі Instagram-да жалған ақпарат көп дейді
Денсаулық сақтау министрлігі Instagram-да жалған ақпарат көп дейді
Instagram әлеуметтік желісінде құрылған «Денсаулық сақтау министрлігі» аккаунттары жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Instagram әлеуметтік желісінде «Денсаулық сақтау министрлігі» атты бірқатар шындыққа жанаспайтын аккаунттарды белгісіз адамдар құрған.Оларда жарияланған кез келген ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми ұстанымы болып табылмайды.Бүгінгі таңда ҚР ДСӘДМ-нің аталған әлеуметтік желіде ресми парақшасы жоқ»,-деп атап өттілген хатта. Осы орайда бұл мәселеге байланысты ҚР ДСӘДМ ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне тиісті шараларды қабылдау мақсатында хат жібереді. Айта кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.mzsr.gov.kz ресми сайтында жарияланады.