50258
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ басшысы тағайындалды
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ басшысы тағайындалды
Нұрлан Байбазаров «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі қызметіне дейін ол «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ны басқарған.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев ҚДБ ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
«Нұрлан Байбазаров қаржы ұйымдарында жеткілікті жұмыс тәжірибесіне ие. Осыған дейін ол Қазақстанның Даму банкіне еншілес Өнеркәсіпті дамыту қорын табысты басқарды. Нұрлан Байбазаровтың жоғары басқарушылық құзыреттілігін, сондай-ақ сөзсіз ҚДБ-ны дамытуда қолданылатын Үкіметтің экономикалық блогындағы үлкен жұмыс тәжірибесін атап өткім келеді», - деді Қанат Шарлапаев.
Нұрлан Байбазаров 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінде бастаған.
2004 жылдан 2011 жылға дейін «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет етті.
2013-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде экономика салаларын дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
2016 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Басқарма төрағасы болды.
Айта кетсек, Нұрлан Байбазаров «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.