Трансплантация өмірді сақтайды

Трансплантация өмірді сақтайды

Трансплантация өмірді сақтайды
ашық дереккөзі
611
Донор тапшылығы – қазіргі уақыттағы өзекті мә­­­селенің бірі. Біздің елде қазір мыңдаған адам ағза трансплан­тациясын күтіп отыр. Ағза ауыс­тыруға мұқтаждар қатарында үлкендер де, балалар да бар. Ағзаны ауыстыру отасын қа­жет ететіндердің көпшілігі оны ұзақ күткендіктен, қайтыс болып ке­­теді. Бұған бірден-бір себеп – біз­­дің қоғамдағы трансп­лан­та­ция­ға деген көзқарастың дұрыс қа­лыптаспауы. Өкінішке қарай, адамдардың көпшілігі ағза ауыс­тыруды өмірді құтқару деп емес, адам ағзасын сату, ұрлау деген ой­мен байланыстырады. Елімізде өмірден өткен адам­­­дардың ағзасын донор ре­тінде пайдалану дамыған мем­лекеттермен салыстырғанда әл­деқайда төмен деңгейде. Оның се­бебі – халқымыздың бұл мәсе­ле­ге келіспеуіне байланысты. Еуропаның дамыған ел­де­рін­де 1 млн адамға шақ­қан­да 30-40 ағзалық транс­п­лан­та­ция жасалады. Ал Қазақстанда жы­лына 1 миллион халыққа 1-2 ға­на мәйіттік донор табылады екен. Біздегі жасалып жатқан ота­лар­дың басым көпшілігі – ол туыс­тық байланысы бар донорлар. Сон­дықтан біз көбіне туыстық транс­плантация жасауға мәжбүр бо­ламыз. Қазір елімізде 3 500 адам ағ­за трансплантациясына мұқтаж. Оның ішінде 3200-ден аса адам бүйрек, 175 адам бауыр, 150-дей адам жүрек, 16 адам өкпе, 6 адам өкпе-жүрек трансплан­та­ция­сын жасату үшін кезекте тұр. Алматы каласы бойынша 600-ден аса науқас бүйрек тран­сп­лан­та­циясы бойынша кезекке алын­ған. Арнайы «Күту парағы» бағ­дар­­ламасы трансплантация бойын­­ша республикалық үйлес­тіру орталығында жүзеге асады. Қазақстанда барлық әлеуетті до­нор­ларды бақылап отыруға мүм­кіндік беретін Республикалық транс­плантациялаудың коор­ди­на­циялық орталығы құрылды. Қазір Республикалық орталықтың облыстардағы филиалдары жұ­мыс істеп тұр. Осы филиалдар ар­қылы аймақтарда бас сүйек за­қымы, инсульт пен жансақтау бө­лімшесіне түскен науқастар ту­ралы барлық ақпарат жүйеленіп отырады. Мысалы, осы жылы Қазақ­стан бойынша 169 адам ағза ауыстырды. Оның ішінде 132 нау­қасқа бүйрек трансплан­та­ция­сы (мұның 127-і туыстық донор­дан, 5-еуі мәйіттік донордан), 32 нау­қасқа бауыр трансплан­тация­сы (оның 31-і туыстық, 1-еуі мәйіт­тік) жасалды. Алматы қала­сы бойынша осы жылы 41 науқас­қа бүйрек трансплантациясы ота­сы жасалған. Олардың 40-ы туыс­тық болса, тек біреуі ғана мәйіт­тің ағза­сынан алынды. Бауыр трансплан­та­ция 22 науқасқа жасалған. Оның да тек біреуіне ғана мәйіт ағза­сын пайдаланған. Бұл дерек­терге қарап-ақ мәйіт ағзасын пай­далану дерегі өте төмен екенін бай­қауға болады . Заң бойынша бас-ми өлімі тіркелсе, қайтыс болған адам­ның туысқандарынан рұқсат сұралады. Егер туыстары қарсы бол­са, ол кісіден ешқандай ағза алын­байды. Көп жағдайда бізде туысқандары қарсы болады. Олар­дың пікірінше, адам ағзасын алу дінге қайшы. Бұған қарап бізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары баяу жүріп жатқанын байқауға болады. Қазақстан мүфтиятының арнайы шығарған пәтуасында ағзаны алу бас-ми өлімі тіркелген кезде, сондай-ақ пайда табу үшін сату және сатып алу болмаған кез­де рұқсат берілген. Яғни, басты талап – өз еркімен және тегін болуы тиіс. Егер қайтыс болған адам­ның туыстары келісім бере­тін болса, қаншама науқастың өмі­рін сақтап қалуға себепші болар еді. Ден­саулық сақтау ми­нистрі­­­­нің бұйрығы бойын­­­ша әр азамат қайтыс бол­ған­­нан кейін ағзасын алуға алдын ала өз келі­сі­мін бере алады. Қа­зақ­станда қай­­тыс болғаннан кейін ағза до­нор­лығына келісімді немесе ке­ліс­­пеушілікті электронды фор­мат­та беруге болады. Екі жылдан бері eGov.kz порталында «транс­плант­тау мақсатында ағзалардың, тін­дердің қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тір­­кеу» бойынша автоматтан­ды­рыл­­ған қызмет енгізілді. Әрбір аза­мат электронды қолтаңба ар­қы­лы порталға кіріп өз келісімін де бере алады. Қазақстанда көп адам өзінің таңдауын жасауға асық­пайды. Осы күнге дейін 20 мың адам ғана өз таңдауын жаса­ған. Оның 1 мыңнан астамы ке­ліс­­кен. Қалғаны донорлыққа қар­сы. Көбіне ми өлімі диагнозы қой­ған кезде азаматтардың жеке сәй­кестендіру нөмірі арқылы рес­пуб­ликалық координатор оның ше­шімін білуге болады. Адамдар тірі кезінде донорлыққа келісім беру не бермеу туралы таңдауын жа­самағандықтан, біз көбіне әлеу­метті донорды ми өлімі диагнозын қой­ған кезде туысқандарымен сөй­лесіп, ойын тыңдаймыз. Қазір Алматы қаласы бойын­ша 400-ден аса адам транс­план­та­ция оталарынан кейін өмір сүріп жа­тыр. Оның ішінде бүйрек тран­с­план­тациясынан кейін – 340 адам, бауыр трансплантациясынан кейін – 40 адам, жүрек трансплан­тация­сынан кейін – 18 науқас, сүйек ми трансплантациясынан кейін – 10 адам. Осы адамдардың ішін­де донорлық ағза алмасудан кейін ең көп өмір сүру ұзақтығы 25 жылға дейін жалғасады. Қазақстанның барлық транс-п­лантация орталығында маман, құрал – жабдық және дәрі-дәрмек жа­ғынан мүмкіндіктер бар, толық жағдай жасалған. Тек туыстық жә­не мәйіттік трансплан­тация­ның санын көпшілік болып кө­бей­­туіміз керек.

Меруерт Мұқанова,

Алматы қаласы бойынша трансплантация

координаторы, жоғары санатты нефролог дәрігері

Серіктес жаңалықтары