«Аса құпия»: Кәрім Мәсімовке қатысты сот басталды

«Аса құпия»: Кәрім Мәсімовке қатысты сот басталды

«Аса құпия»: Кәрім Мәсімовке қатысты сот басталды
ашық дереккөзі
50202
Астана қалалық сотында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығына қатысты сот отырысы басталды деп хабарлады turkystan.kz. Ақпаратты елордалық соттың баспасөз қызметі растады. 7 қарашада Бас прокуратура Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі зерделеп, тергеу органының айыптау қорытындысын бекіткенін хабарлаған. К.Қ. Мәсімов (ҰҚК бұрынғы төрағасы) және А.Т. Садықұлов (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) мемлекетке опасыздық жасау (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттігін өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдалану (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы) туралы баптар бойынша айыпталған. Сондай-ақ, Д.Е. Ерғожин (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) билікті күшпен басып алғаны (ҚК 179-бабының 3-бөлігі), ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билік пен лауазымдық өкілеттіктерді өзіне және басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында асыра пайдаланғаны үшін айыпталып жатыр (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы). М.С. Осиповке (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары), Д.М. Акиповқа (ҰҚК департамент бастығының бұрынғы орынбасары) және Н.К. Бекмұратқа (ҰҚК-ның бұрынғы басқарма бастығы) Қылмыстық кодекстің 362-бабының әртүрлі бөліктері бойынша айып тағылған. Айта кетейік, сот істі «өте құпия» қарайды.

Серіктес жаңалықтары