250
EXPO-2017 құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты
EXPO-2017 құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты
Aden Metal компаниясының қызметкері Астанадағы EXPO-2017 құрылыс нысанында қаза тапты. Компания өкілдері бұл мәліметтіTengrinews.kz тілшісіне растады. Сондай-ақ, фирма өкілдері оқиғаның 2017 жылдың 14 қаңтарында болғанын растады.
"Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа ешқандай мәліметті айта алмаймын", - деді компания өкілі.
Ресми сайттағы материалдарға қарағанда, Aden Metal компаниясы сыртқы қаптамамен айналысатын мердігерлік ұйым. Мекеме материалдарды сатып алумен, жүйелерді жобалаумен қамтамасыз етіп отырған. Сонымен қатар, ұйым сол жүйелерді құрылыс алаңдарына орнатқан.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астанадағы Есіл ауданының прокуроры Талғат Әлібаев 2016 жылы EXPO-2017 құрылыс алаңдарында екі жұмысшының қаза тапқанын хабарлаған еді. "Екі іс сотқа жіберілді. Қазір соттың шешімін күтіп отырмыз", - деді прокурор.