51249
Елордалық емханаларға 50 жаңа көлік берілді
Елордалық емханаларға 50 жаңа көлік берілді
Астана емханаларына жаңа автокөліктер берілді деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Автопаркке шұғыл жетудің 4-санатына, үйге, мобильді бригадаларды тасымалдауға және т. б. шақыруларды орындау үшін тағы 50 автокөлік қосылды.
Қыркүйек айының басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілді. Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден астам автокөлікпен толықтырылды.
«Соңғы үш жылда медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылды, 40 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылды (оның 7-сі тұрғын алаптарында). Жыл соңына дейін тағы 10 «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылады. Бірқатар медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 4 медициналық мекеме құрылысы бойынша жобалар іске асырылуда», - делінген хабарламада.Астанада перзентханалардың, «Жағалау-3» амбулаториялық-емханалық кешендерінің және «Нұрлы жол» вокзалы ауданында, Көктал-1 ЖМ алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, Тельман, Пригородный және т.б. құрылысы жоспарланған.