197
3 жылда «Қазақфильмнің» 75 картинасы әлемдік прокатқа ұсынылды
3 жылда «Қазақфильмнің» 75 картинасы әлемдік прокатқа ұсынылды
Соңғы үш жылда ауқымды әлемдік прокатқа «Қазақфильмнің» 75 картинасы ұсынылды. Олардың барлығы қазақстандық кинематографтың мүмкіндіктерін барынша көрсете алды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.
Үкімет отырысы барысында сондай-ақ отандық киноөндірушілерге қолдау көрсетудің негізгі жолдары мен Кинематографияны дамыту тұжырымдамасының жобасы қарастырылды.
Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Қазақстанда соңғы жылдары ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да сұранысқа ие табысты фильмдер қатары толықты.
Олардың ішінде өткен жылғы ресейлік және қазақстандық прокатта көшбасшы болған «28 панфиловшы» фильмі, премьералық көрсетілімі Ресей, Қытай, Франция, Гонконг, Грекия елдерінде өткен «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бесінші бөлімі – «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі, Ақан Сатаевтың «Анаға жол» картинасы бар.