Универсиада 80 елге трансляцияланады

Универсиада 80 елге трансляцияланады

Универсиада 80 елге трансляцияланады
ашық дереккөзі
346
28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын 80 ел трансляциялайды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. «Айта кететін мәселе, Қазақстан универсиаданы өткізетін ел болғандықтан трансляциялау құқығы отандық телеарналарға тегін беріледі. Тұтастай алғанда, жарыстар 80 елге  трансляцияланып, 1 млрд. аудиторияны қамтиды»,-  деді ол. Министрдің айтуынша, Универсиада ойындарынан 200-ден астам тікелей көрсетілім ұйымдастырылады. «Әрине, ең басты жұмыс — жарысты бастан-аяқ сапалы түрде трансляциялау. Еліміздің аумағында спорт бәсекесін «Хабар», «Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары таратады. Жалпы, 200-ден астам трансляция ұйымдастырылатындығы көзделуде», — деді министр. Оның айтуынша, шараның ресми хост таратушысы ретінде Халықаралық университеттік спорт федерациясы анықталған. Сонымен қатар, Абаев Универсиаданың ашылу және жабылу шаралары  мен спорттық жарыстардың коментаторлары іріктеп алынғанын, телеарналарда жарыстарға арналған күнделіктер көрсетілетіндігін, ал газеттерде арнайы беттер берілетіндігін айтты. «Жылдың басты спорттық шарасы аяқталғаннан кейін Универсиаданы өткізу туралы ресми фильм түсіру ұйымдастырылатын болады», — деді министр. Естеріңізге сала кетсек, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматы қаласында өтеді.

Серіктес жаңалықтары