Жылыту маусымына дайындықты тексеретін комиссия құрылады

Жылыту маусымына дайындықты тексеретін комиссия құрылады

Жылыту маусымына дайындықты тексеретін комиссия құрылады
ашық дереккөзі
50301
Бұл туралы turkystan.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Мемлекет басшысы Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды. Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары