Жүрсін Ерман ем алу үшін Еуропаға барады

Жүрсін Ерман ем алу үшін Еуропаға барады

Жүрсін Ерман ем алу үшін Еуропаға барады
ашық дереккөзі
50263
Жақында жансақтау бөліміне түскен айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман ем алу үшін Еуропа еліне аттанбақ. Бұл туралы айтыскер Шалқарбай Ізбасаров Instagram парақшасында жазды деп хабарлады Turkystan.kz.
«Айтыстың реформаторы Жүрсін Ерман ағамызға амандасып және «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атануымен құттықтап шықтық. Аллаға шүкір, жағдайы жақсарып қалыпты. Жақында ем-дом алу мақсатында Еуропаға барғалы жатыр екен. Бар ғұмырын ақсүйек өнерге арнаған ағамыздың амандығын бәріміз бірге тілеп қояйық. Жолыңыз болсын, аман жүріңіз» деп жазды айтыскер.

Серіктес жаңалықтары