Баспананың өз құны мен сатушылар белгілейтін баға айырмасы

Баспананың өз құны мен сатушылар белгілейтін баға айырмасы

Баспананың өз құны мен сатушылар белгілейтін баға айырмасы
ашық дереккөзі
207
Астана мен Алматыдағы баспаналардың өз құны мен сатушылар белгілейтін баға арасындағы айырма анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz онлайн-сервисінің өкілі Мария Реннің айтуынша, қайталама нарықтағы сату-сатып алу мәмілелерінің шынайы бағасы сатушылардың хабарландыруында көрсетілетін бастапқы бағадан ерекшеленеді. Маман бағалауды Homsters.kz-тегі және Статистика комитетінің ресми мәліметтері негізінде жасай отырып, айырмашылықтың 15-20 пайыз деңгейінде екенін айтады. "Хабарландырулардағы баға мен мәмілелердің нақты бағасы арасындағы мұндай айтарлықтай айырмаға бірнеше себеп бар. Біріншіден, сатушылар қашан да қымбатқа саудалағысы келеді, сатып алушылар болса, мейлінше төмен бағаны қалайды. Осыдан келіп, хабарландырулардағы баға мен мәмілелердің нақты өлшемдері арасындағы белгілі бір алшақтық шығады", - дейді Мария Рен. Ал екіншіден, оның айтуынша, бүгінде бірқатар фактордың салдарынан сатып алушыға ғана емес, кейде жылжымайтын мүлік жөніндегі тәжірибелі маманға да нысанның өз құнын анықтау қиынға соғып жатады, өйткені нарықта сату-сатып алу мәмілелерінің нақты сомасы туралы ақпарат жария етілмейді екен. "Сондықтан жылжымайтын мүлік сатушылардың көбі өз нысандарына баға белгілеген кезде оны тәжірибелі жолмен анықтап алады: пәтерлерге бағаны асыра қояды да, кейін біртіндеп сатып алушылардан қоңыраулар келе бастайтын деңгейге дейін төмендетеді", - деді маман редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары