Шу қаласында жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды

Шу қаласында жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды

Шу қаласында жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды
ашық дереккөзі
50307
Жамбыл облысының Шу қаласында болған өрттен екі кішкентай бала көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz өңірдің ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға желтоқсанның 2-сінен 3-іне қараған түні болған. Шу қаласындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Жергілікті департамент дерегінше, қызыл жалын жалпы ауданы 30 шаршы метрді аумақты шарпыған. Үй заттары мен барлық жиһаздар отқа оранған.
«Өрт сағат 00:10-да оқшауланып, сағат 00:35-те «СПиАСР» мемлекеттік мекемесінің күшімен жойылды. Оны сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды», - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін оқиға орнынан 5 және 2 жастағы екі баланың мәйіті табылған.

Серіктес жаңалықтары