Тест: сіз өзіңіз туралы білмейтін нәрсені көбелектер айтады

Тест: сіз өзіңіз туралы білмейтін нәрсені көбелектер айтады

Тест: сіз өзіңіз туралы білмейтін нәрсені көбелектер айтады
ашық дереккөзі
51993
Бұл психологиялық тест сіз туралы көп ақпарат бермек. Мінезіңіздегі ерекшелік пен өзіңіз білмейтін кейбір қасиеттеріңіз осында айтылады. Суретке қарап, бір көбелекті таңдаңыз. 1-сурет Сіз жақсы жар, сыйлас әріптес, сырлас дос бола аласыз. Екінші тараптың пікірін тыңдап, құрметтейсіз. Біліңіз, бұл – құлдық психология емес. Кейде оны түсінбегендер сізді өзіне тәуелді етуді қалайды. Осы мінезіңіздің арқасында көпшілікке ұнайтыныңыз есіңізде болсын. 2-сурет Бұл көбелекті таңдаған жанның достары көп. Кез келген ортаның гүлі болып жүреді. Табиғатынан тартымды, сүйкімді. Өздері де осы жақсы қасиеттерінің арқасында жақсы көрінетіндіктерін біліп, соны пайдаланады. Олар жан-жақты, көп нәрсені істей алады. Бірақ ең негізгісін таңдай алмайды. 3-сурет Еңбекқор, мықты адамсыз. Мақсатқа жетудің қысқа әрі тез жолын таңдамай, қиындыққа ұшырағанды қалап тұрасыз. Жаныңыз тәртіпті қалайды. Тәртіпсіздік пен бей-берекетсіздікпен дос емессіз. Іскерлік, тапсырманы ақылға салып орындау – сізге тән қасиеттер. Сол себепті сирек қателесесіз. 4-сурет Мінезі – құбылмалы. Саяхаттағанды ұнатады. Қызығушылығын, өмірге деген көзқарасын жиі өзгертіп, іздену үстінде жүреді. Тұрақсыздығы да бар. Өмірдің барлық қызығын көруді қалайды. Қаруы – сөз. Сөзге қатысы бар барлық салада өзін сынап көреді. Ойы жүйрік, әзілге шебер. Жұмыс орнында көп отыра алмайды.

Серіктес жаңалықтары