ОҚО халқының 61 пайызы табиғи газбен қамтылған

ОҚО халқының 61 пайызы табиғи газбен қамтылған

ОҚО халқының 61 пайызы табиғи газбен қамтылған
ашық дереккөзі
216

Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.  Бүгіннің өзінде өңір тұрғындарының  61 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.  Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық комуникация қызметінде өткен брифингте  Облыстық Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім етті.

       Оның айтуынша,  2016 жылы 25 елдімекендегі табиғи газ құрылысына 13,7 млрд теңге бөлініп, толығымен игеріліпті.  Нәтижесінде 300 елдімекенде тұратын  1 миллион 755 мың  306  тұрғын көгілдір отынмен қамтылған.  Ал,  9 жобаның құрылысы жыл соңына дейін аяқталатын болады.  

Одан бөлек,  2016 жылы 47 елді мекендегі  тұрғындарды  облыстық бюджет есебінен  табиғи газбен қамтамасыз ету үшін  жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.  Мұндағы жұмыстарды  2017  жылдың  бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Ал,  биыл  79 нысанға  облыстық бюджеттен  13,7  млрд теңге бөлініпті. Егер  құрылыс  жұмыстары межелеген мерзімде аяқталса, 357 елдімекенде тұратын 1 миллион 855 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.  Яғни бұл облыс халқының 65,3 пайызын құрайды.

Сондай-ақ,  2017-2020  жылдары  960 мың тұрғыны бар  383 елді мекенді газдандыру жұмыстары қолға алынады.   Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда 2021 жылы облысымыздағы  газдандырылған ауылдар саны 683-ке артатын болады.  Нақтырақ айтсақ,  2 миллион 715 мың  тұрғын көгілдір отынға қол жеткізеді.  Бұл облыс халқының 81 пайызын құрайды.

Серіктес жаңалықтары