Қазақстандық альпинистер әлем чемпионы атанды

Қазақстандық альпинистер әлем чемпионы атанды

Қазақстандық альпинистер әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
50356
Халықаралық спорттық альпинизм федерациясы биіктікке көтерілу класындағы альпинизмнен әлем чемпионатын қорытындылады. Бірінші орынды қиындық категориясы 6Б солтүстік-батыс қабырғасы бойынша Верный шыңына (5 250 м) алғашқы болып шыққан Қазақстан құрама командасы иеленді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандық командаға альпинистер Роман Шестернин, Леонид Крупа, Закиржан Абдураимов және Станислав Лайнопуло енді. Команданы спорт шебері Максим Тен басқарды, жаттықтырушылар – спорт шеберлері Артем Скопин және Вячеслав Титов. Бүкіл бағыттың ұзындығы – 1 670 м, биіктік айырмашылығы – 910 м. Команда бағыт бойынша 6 күн жүріп, арнайы платформада түнеді.
«7-күні біз шыңға көтеріліп, жай ғана ашық аспан астындағы қарлы шұңқырға жайғастық. Биікте жел мен суық азынап тұр. Біз бұл өрмелеуден шаршадық деп айта алмаймыз. Өйткені межеге жеткендегі сезім мен қуаныш бәрін ұмыттырып жібереді», – деді альпинист Леонид Крупа.
Шыңға өрлеушілердің айтуынша, Верный шыңының солтүстік-батыс беткейіне көтерілу үлкен қызығушылық тудырған. Себебі, қабырғалар тік, ал кейбір тұстары еңіс келеді, ішкі бұрыштар және шодыр тастар бар.

Серіктес жаңалықтары