50307
Мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелері 40 шақты елді мекенді аралады
Мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелері 40 шақты елді мекенді аралады
«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясында өңірлік партия ұйымының биылғы 12 айдағы жұмысының қорытындылары талқыланды.
Іс-шара партия хатшысы Жігер Қалиевтің, Саяси кеңес мүшелерінің, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бастауыш партия ұйымдары мен «Жастар Рухы» жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен өтті.
Филиалдың, сондай-ақ, облыстық мәслихат жанындағы «AMANAT» партиясының фракциясының жұмыс қорытындылары туралы жиналғандарға атқарушы хатшы Әсем Рахметова айтып берді.
Оның айтуынша, жыл басынан бері партияның облыстық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдауларына 4046 өтініш келіп түскен, оның 48%-ы оң шешілген. Мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелері 40-тан астам ауылдық елді мекендерге барды.
Әсем Рахметова өз сөзінде жерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударды. «Жер аманаты» өңірлік комиссиясының қызметі жайылымдық жерлер тапшылығы проблемасын шешуге, пайдаланылмайтын және заңды бұза отырып, берілген жерлерді қайтаруға ықпал етті. Мәселен, осы бағыттағы кешенді жұмыстың арқасында облыс бойынша 276,6 мың га жер қайтарылды, соның ішінде жайылым – 233,9 мың га, егістік – 23,2 мың га. Бұл мәселе – партия филиалдарының тұрақты бақылауында.
Жол карталарының іс-шараларын орындау шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен дамуда, жаңа өндірістер ашылуда, жұмыс орындары құрылуда. Нәтижесінде өңір азаматтарының әл-ауқаты жақсарып келеді. Сонымен қатар жаңа мектептер, медициналық мекемелер, спорт нысандары салынуда.
«Тұрғын үй мәселесін шешу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Есепті күнге тұрғын үйді іске қосудағы өсім 100,4% құрады, 176,7 мың шаршы метр баспана салынды. Биыл 663 шақырым жол жөнделуде, көшелер асфальтталуда, кентаралық жолдар жөнделуде. Қанағаттандырарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 81%-ға дейін жеткізілді. Облысты сумен жабдықтауға және су бұруға 12,3 млрд. теңге бағытталды. Сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстармен 55 елді мекен қамтылды. 240 шақырымға жуық сумен жабдықтау желілері салынады және реконструкцияланады», - деді партия филиалының атқарушы хатшысы Әсем Рахметова.Депутаттық фракцияның жұмысы туралы айта келе, спикер бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселелері партиялықтардың ерекше бақылауында екенін атап өтті. Нақтылау қорытындысы бойынша бюджет қаражаты тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, оқушылар мен студенттерге арналған жатақханалар салуға, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқу-зертханалық корпусын, Петропавл қаласының «Жас Өркен» шағын ауданында 250 адам қабылдайтын емхана салуға бағытталды. Бұдан басқа, ақша облыстың аудан орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға, нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға, көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға жұмсалды. Сондай-ақ конференция барысында «AMANAT» партиясының хатшысы Жігер Қалиев сөз алды. Ол тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту үшін партиялықтарға партияның рөлін және бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейту бойынша 2023 жылға арналған міндеттерге тоқталды. Іс-шара барысында «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жаңа төрағасы сайланды. Партияның Петропавл қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Әсем Рахметованың кандидатурасын ұсынды. Ол партияда да, мемлекеттік қызметте де жұмыс істеген уақытында Әсем Рахметова өзін тәжірибелі және сауатты басшы ретінде танытқанын атап өтті. Конференция делегаттары ұсынылған кандидатураны қолдап, ашық дауыс беру арқылы Әсем Рахметованы «AMANAT» партиясының өңірлік филиалының төрайымы етіп сайлады. Өз кезегінде Әсем Рахметова баршаға сенім білдіргені үшін алғысын білдірді. Ол өзіне жүктелген үміттерді ақтауға және барлық күш-жігерін партиялық жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға бағыттауға уәде берді.