Қазгеология басшылығы жалақыларын екі есеге көтеріп алған

Қазгеология басшылығы жалақыларын екі есеге көтеріп алған

Қазгеология басшылығы жалақыларын екі есеге көтеріп алған
ашық дереккөзі
50432
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ (мемлекеттің 100% қатысуы) басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз, басқарма мүшелеріне (басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн теңгеден астам сомаға артық төлеуге әкеп соқтырған лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдіктенеді» деп жазды ведомстводан.
Антикор таратқан деректерге қарағанда, тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары