234
Душанбе әкімі әкесі отырған ғимаратқа көшіп барды
Душанбе әкімі әкесі отырған ғимаратқа көшіп барды
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ұлы басқаратын Душанбе әкімдігі президент әкімшілігі болған ғимаратқа көшті. Бұл Рустам Эмомали әкесінің орнына мұрагер ретінде қалады деген сөздерді одан сайын өршітті.
Эмомали Рахмон өзінің 29 жастағы ұлы Рустам Эмомалиді Тәжікстан астанасының әкімі ретінде тағайындағаннан кейін, әкімдік бұрынғы президенттік ғимаратқа көшкен. Бұл ақпаратты Тәжікстанның бас архитекторы Жамшед Ахмадзода БАҚ-қа растады.
Ахмадзода мұның уақытша екенін, Душанбе орталығында таяу уақытта жаңа әкімшілік салынатынын айтады.
64 жастағы Эмомали Рахмон Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келеді. Оның көптеген туыстары (екі қызын қоса есептегенде) мемлекеттік құрылымдарда жоғары лауазымды қызметтер атқарады. Енді бірі елдегі ірі бизнесті бақылайды. Елдегі құқық қорғаушылар Рахмон өзін сынаған адамдарды қудалайды дейді.
Рахмон бірнеше жыл бұрын президент әкімшілігін жаңа ғимаратқа көшірген.