Табысты тиімді жұмсау: 2023 жылға 5 қаржылық кеңес

Табысты тиімді жұмсау: 2023 жылға 5 қаржылық кеңес

Табысты тиімді жұмсау: 2023 жылға 5 қаржылық кеңес
ашық дереккөзі
921

Қазіргі кезде қаржылық сауаттылыққа байланысты кеңестердің маңызы артып отыр. Ал табысты немесе кірісті орынды жұмсау - әр адамға қажет дағды. Экономист маман, экономика ғылымдарының кандидаты Ғалымжан Керімбек 2023 жылға 5 қаржылық кеңес айтты. 

Сарапшының сөзінше, әр адам табысын үнемді және тиімді пайдалана алуға тиіс. Ол үшін келесі қағидаларды есте ұстау қажет.

1.Бюджет жүргізу
Ай сайынғы табыс пен кіріс, шығын мен шығысты есептеп отыру керек. Бұл жерде ескеретін нәрсе - табыс пен кіріс, шығын мен шығыстың айырмасын ажырата білу қажет, - дейді маман.
2.Қор жинау Cонымен қатар, сарапшы табыс пен кірістің кем дегенде 10 пайызын, мүмкіндік болса 20 пайызын болашаққа қор ретінде банкте салым ашып, оны алмастан жинау керек екенін айтады. 3.Есептеу
Шығын мен шығыстарды, яғни ақшаны жұмсар кезде жоспарлау қажет, нақтырақ айтқанда қаншалықты тиімді болатынын есептеу керек, - дейді ол.
4.Пайда мен шығынды ескеру Яғни ірі көлемдегі, бағалы мүлік пен заттарды сатып алар кезде оның қаншалықты пайдалы болатынын ескеру қажет. Экономист кейде қызығып немесе басқа бір адамнан көріп сатып алған дүниелеріміз уақыт өте келе пайдаланылмай қалатынын айтады. 5. Онлайн несиеден аулақ болу
Егер қаражат қатты қажет болса ғана уақытша қарызға ала тұрыңыз. Егер өзіңіздің табысыңызға сенсеңіз, бөліп төлеу арқылы алсаңыз болады, - дейді Ғалымжан Керімбек.

Серіктес жаңалықтары