Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
ашық дереккөзі
319

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды turkystan.kz Akorda-ға сілтеме жасап. 

Әңгімелесу кезінде екі ел президенті Қазақстан мен Тәжікстан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-бірін құттықтады.

Сонымен қатар, олар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Қос тарап қазақ-тәжік қатынастарын одан әрі нығайтатын бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары