Qazkom Халық банкімен алдын ала келіссөз жүргізуде

Qazkom Халық банкімен алдын ала келіссөз жүргізуде

Qazkom Халық банкімен алдын ала келіссөз жүргізуде
ашық дереккөзі
225
Qazkom "Халық банкімен" алдын ала келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Казкоммерцбанк" АҚ және Кеңес Рақышев "Қазақстан Халық банкі" АҚ-мен ККБ мен Халық банкінің арасындағы алда жасалуы мүмкін делінген келісімге қатысты алдын ала келіссөз жүргізіп жатыр, келіссөз алғашқы кезеңде", - деп хабарлады Qazkom баспасөз қызметі. Qazkom өкілдері ендігі мәліметтің қажет болған жағдайда сәйкес мерзімде хабарланатынын айтып отыр. Еске салайық, осыған дейін осыған дейін БАҚ-тар өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, қазақстандық екі ірі банктің бірігетінін хабарлаған болатын. Алайда сол кезде БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Сергей Чикин Qazkom-ның бірігу туралы ұсыныс жасамағанын және мұндай мәліметті "Халық банкінен" алмағанын хабарлаған еді. "Халық банкі" АҚ-мен бірігеді деген БАҚ-тарда пайда таралған қауесеттерге байланысты "Казкоммерцбанк" АҚ хабарлайды: ККБ бірігу туралы ешқандай да ұсыныс жасаған жоқ және "Халықтан" ұсыныс алған жоқ және екі банктің арасында қандай да бір бірігу туралы келіссөздер жүргізген жоқ", - деген еді Чикин.

Серіктес жаңалықтары