Румыния «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды

Румыния «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды

Румыния «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды
ашық дереккөзі
210
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев Бухарестке жұмыс сапары аясында Румыния сыртқы істер министрі Теодор Мелешканумен, энергетика министрі Том-Флорин Петкумен, Туризм министрлігінің мемлекеттік хатшысы Мирча Титус Добремен және «ЭКСПО-2017» румыниялық секциясының комиссары Раду Петру Шербанмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Румыния сыртқы істер министрімен кездесуде тараптар қазақстандық-румыниялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен болашағын және екіжақты диалогты тереңдету қадамдары мен оны кеңейту жолдарын талқылады. Теодор Мелешкану Румынияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне аса зер салып отырғанын атап өтті және 2017 жылы шілде айының аяғында астаналық көрмеде Румынияның Ұлттық күнін өткізу жоспары туралы хабарлады. Кездесу соңында Рәпіл Жошыбаев пен Раду Петру Шербан Румынияның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы келісімшартқа қол қойды.

Серіктес жаңалықтары