314
Жаңа жылға 920 млрд теңге жұмсалған
Жаңа жылға 920 млрд теңге жұмсалған
Қазақстандықтар Жаңа жыл алдындағы сауда-саттыққа 920,8 млрд теңге жұмсаған. Әрбір қалалық базарлар мен дүкендерге 91 мың теңге қалдырып кеткен. Бұл қараша айындағы орташа чектен 37,6% көбірек, деп хабарлайды ranking.kz.
Сарапшылардың пікірінше, жалпы соманы 40% жуығы мегаполистерге тиесілі: Алматыға - 243,7 млрд тг, Астанаға - 110,5 млрд тг. ШҚО 10,3% немесе 94,9 млрд тг. Бір қала тұрғынының ресми орташа чегі 91 мың + айына 28,9 мың теңгені құраған. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар көрсетілген соманың 588 млрд теңгесін (63,8%) құраған. Азық-түлікке 333 млрд теңге (36,2%) жұсалған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтар бөлшек сауда нүктелеріне 7,66 триллион теңге қалдырған. Ақшалай құнның өсімі 2015 жылмен салыстырғанда 20,3% көбірек. Баға өзгерсе де, бөлшек айналымының нақты көлемі жылына 0,9% ғана өскен. Осының өзі сегментке оң динамика беріп тұр. Мәселен, 2015 жылы ақшалай құнының өсімі 5,8% ұлғайғанына қарамастан, нақты сауда айналымы 0,4% қысқарды. Бөлшек саудада заңды тұлғалар үлесі көбеюде. 2015 жылы сауда кәсіпорындары 52,4% болса, биыл 53,8% құраған. 46,2% - жеке кәсіпкерлерге, соның ішінде базарда сауда жасаушыларға тиесілі.