Борышкер «банкрот» болса...

Борышкер «банкрот» болса...

Борышкер «банкрот» болса...
ашық дереккөзі
671
Былтырғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң қабылданды. Яғни, енді жеке тұлғалар да өзін «банкротпын» деп жариялай алады. Ел азаматтарынан арыз 2023 жылғы наурыз айынан бастап қабылданады. Яғни, несиесін төлей алмай қарыздың шырмауында қалғандар енді өзін «банкротпын» деп жариялап, мемлекеттен жәрдем ала алады. Дегенмен бұл көмек бәріне бірдей беріл­мейді, салдары да бар. Сонымен, жеке тұлғаны банк­рот деп тану тәртібі қандай? Оның қандай салдары болуы мүм­кін? «Банкроттықтың» қандай түр­лері бар? Процедуралардың оры­н­далу тәртібі қандай? Мемлекеттік кірістер коми­те­ті заң жобасын был­тыр жыл басында әзірлеп, қоғам тал­қы­лауы­на шығарды. Жалпы, мұндай заң қабылдануы керек деп бұдан бұ­рын бірнеше рет айтылған. Нақты ұсы­ныстар да болды, бірақ заң қа­был­дау осы уақытқа дейін кейінге қал­дырылып келген еді. Оны сол кез­де де талқылап, болуы мүмкін кем-кетігін саралап, тоқталып өт­кен болатынбыз.

Қарызы көптер көбейіп барады

Ұлттық банктің 2022 жылғы 1 қа­зандағы дерегіне сүйенсек, кеңей­тілген айқындаудағы экономикаға кре­диттері жыл басынан бері 13,3 пайыз­ға өсіп, 26,9 трлн теңгеге жеткен, оның 49,9 пайызы бизнес кредиттері бол­са, 50,1 пайызы – халыққа берілген кре­­диттер. Бизнеске берілетін кредиттер жыл басынан бері 5,1 пайызға, яғни 13,4 трлн теңгеге, халыққа берілетін кредит­тер 22,8 пайызға 13,5 трлн теңгеге дейін өсіпті. Сонымен қатар проблемалық не­сиелердің, яғни уақытында өтел­меген қарыз мөлшері де өсіп келеді. Ұлт­тық банктің мәліметінше, 2022 жыл­ғы 1 маусымда барлық банктік қарыз бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 635,5 миллиард теңгеден асқан. Яғни, азаматтардың төлем қабіле­тінің нашарлауы аталған шараға жүгінуге мәжбүр етті деген қорытындыға келуге болады. Өзін «банкротпын» деп жариялауға ар­налған өтініштер 2023 жылғы наурыз айынан бастап еGov.kz сайты және E-Sally azamat мобильді қосымшасы ар­қылы қабылдана бастайды. Жалпы, қа­был­данған заң бойынша банк­рот­тық­тың үш түрі бар: соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және үшіншісі – сот банкроттығы.

Соттан тыс банкроттық. Шарттары мен салдары

Егер борышкердің кредиторлар алдында 1 600 АЕК-тен, яғни 5 520 000 теңгеден кем қарызы болса, ол сайт арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш бере алады. Өтініш берушінің арызы қабыл­дануы үшін қарыздың сомасы ғана емес, басқа да критерийлер де қа­рас­тырылады. Ең алдымен, борышкердің мүлкі, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлкі болмауы керек. Одан соң борыш­кер 12 ай ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындамаған болуы ке­рек. Өтініш бергенге дейін жеті жыл ішін­де борышкерге қатысты соттан тыс не­месе сот банкроттығы рәсімдері қолданылмауы да – шарт. Егер борышкер осы шарттарға сәй­кес келсе, уәкілетті орган ол тура­лы мәліметтерді eGov.kz сайтында 15 жұ­­мыс күні ішінде жариялайды. Егер борыш­кер талаптарға сәйкес келмесе, оған бас тарту туралы хабарлама жі­бері­ле­ді. Өтініш беруші қайта өтініш бере ала­ды, бірақ үш айдан кейін ғана. Өтініш берген азаматтың сұ­ра­нысы қабылданса, оның креди­торлар алдындағы борыштық міндет­те­мелерінің мерзімі өткен болып саналады. Қарыз алушыдан кредиторлардың мін­деттемелерді орындауын талап етуге тыйым салынады. Борышкер берешегінің бар­лық түрі бойынша тұрақсыздық айы­бын (өсімпұл, айыппұл) және сыйақыны есептеу тоқтатылады. Борышкерге жаңа ақшалай немесе мүліктік қарыздарды алуға тыйым салынады (ломбардтар мен микрокредиттерден басқа). Одан бөлек, уәкілетті органның оның мүлкі туралы ақпаратты мемлекеттік органдар мен өзге де органдар үш жылға дейінгі кезең ішінде алуға келісімі берілген болып есептеледі. Яғни, қаржылық жағдайына үш жыл бойы мониторинг жүргізіледі. Қарызды өндіріп алу туралы сот ше­шім­дерін орындау тоқтатыла тұрады. Процедураның мерзімі – алты ай. Бірақ мерзімінен бұрын тоқтауы да мүмкін. Егер борышкердің мүліктік не­месе қаржылық жағдайы жақсарса, несие берушілер алдындағы міндет­те­мелерінен толық немесе 30 пайыздан аста­мынан құтылса, сонымен қатар борыш­кер мүлкін жасырса да процедура тоқтатылады. Борышкер қайтыс болса не­месе хабар-ошарсыз кетсе, сот оны ха­бар-ошарсыз кетті немесе қайтыс бол­ды деп таниды. Одан бөлек, борышкердің бас­қа да кредиторлар алдында қарызы анық­талып, қарыздың жалпы сомасы 1 600 АЕК-тен асса да соттан тыс бан­крот­тық тоқтатылады. Алайда егер рәсімді тоқтатуға негіз болмаса, онда уәкілетті орган алты ай өт­кеннен кейін соттан тыс банкроттық рә­сімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарады. Мұн­дай жағдайда борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелері тоқтатылады, қарыздар есептен шығарылады. Банкрот болған азамат 5 жыл ішін­де қарыз алу (ломбардтар мен мик­рок­ре­диттер есепке алынбайды), ке­піл­діктер бойынша мәмілелер жасай ал­майды.

Сот банкроттығы. Кесім мен шешім

Егер борышкердің 1 600 АЕК-тен ас­там берешегі болса, ол төлем қа­­білеттілігін қалпына келтіру немесе сот банкроттығын қолдану туралы өті­ніш беру үшін тұрғылықты жері бойын­ша сотқа жүгіне алады. Яғни, бұл аса ірі кө­лемдегі, төленбеген несиелер мен мін­деттемелерге қатысты. Өтініш беру үшін қарызы бар аза­мат 12 ай ішінде қарызын өте­меуі керек, өтініш бергенге дейін 7 жыл ішінде борышкерге қатысты соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімдері қол­да­нылмаған болуы керек. Егер жоғарыда аталған барлық шарт сақталса, сот арыз келіп түс­кен күннен бастап 10 күннен кешік­тір­мей іс қозғау туралы ұйғарым шы­ғара­ды. Осы күннен бастап борышкер үшін соттан тыс банкроттық сияқты сал­­дарлар туындайды, бірақ оларға мы­на­лар қосылады.  width=Борышкерге емделу, жақын туысын емдеуге алып жүру, жақын туы­сын елден тыс жерлеу жағдайларын қос­­пағанда, ел аумағынан шығуға тыйым салынады. Борышкердің мүлкіне қа­тысты бұрын қабылданған сот ше­шімдерін орындау тоқтатыла тұрады. Бо­рышкер мүлікті беруге, төлем жүр­гізуге немесе мүлікке қатысты мін­дет­темелерді өзге де тәсілмен орындауға мін­детті органдардың шешімдерін орын­дау тоқтатыла тұрады. Сот банкроттығы барысында борыш­кердің мүлкі сауда-сат­тықта сатылады. Аукционнан түскен қара­жат қаржы басқарушысының шо­тына жіберіледі. Егер несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін шотта ақша, сондай-ақ сатылмаған мүлік қалса, ол борышкерге қайтары­ла­ды. Егер кепілде тұрған жылжымайтын мү­лік иесінің жалғыз тұрғын үйі болса, ол мүліктік массаға енгізілмейді. Сот ұйғарымы шыққан соң екі күн ішінде уәкілетті орган борыш­кер­­ге қаржы басқарушысын тағайын­дай­ды. Ол заңға сәйкес өз қызметін ж­ү­зеге асы­ратын әкімші, кәсіби бух­галтер, ау­ди­тор немесе заң кеңесшісі болады. Жал­пы борышкердің мүлкін басқару құ­қығы қаржы менеджеріне өтеді. Қаржы басқарушысы борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинайды және қорытынды жасайды. Онда ол төлем қабілеттілігін қалпына кел­тіру процедурасын (борышкердің тұрақ­ты кірісі немесе құны қарыз со­масынан асатын мүлкі бар) немесе сот банкроттығын қолдануды ұсынады. Ол осы қорытындыны сотқа 20 жұмыс күні ішінде жібереді. Сондай-ақ қаржы басқарушысы мүлікті түгендеуді және оны ба­ғалауды жүргізеді. Осы уақытта несие беру­шілер оған борышкерге қойылатын талаптарын беруі керек. Қаржы ме­нед­жері оларды негізделген немесе негіз­дел­меген деген шешім қабылдайды. Егер ол кей­бір талаптарды ұмыт қалдырса не­ме­се есепке алмаса, енгізбесе, несие беру­шілер бұл шешімге келіспей, сотқа ша­ғымдана алады. Қаржы басқарушыларының қыз­метіне ақы борышкердің мүлкі есебінен тө­ленеді. Биыл бұл – 70 мың теңге. Ал әлеу­­меттік осал топтағы, мүлкі жоқ тұл­ғаларға қаржы басқарушылар те­гін қызмет көрсетеді. Қаржы бас­қару­шылардың тізімі Қаржы ми­нистр­лігінің сайтында жария­лан­ған.

Төлем қабілетін қалпына келтіру туралы не білу керек?

Тұрақты кірісі бар аза­маттар осы рә­сім­ді қолда­нып, қа­ры­зын 5 жыл­ға дейін бө­ліп тө­леу мүм­кін­­ді­гін иелене ала­ды. Жал­ғыз шарт – қа­рыз кө­лемі бо­рыш­кер мүл­­­­кінің құ­ны­­нан ас­пауы тиіс. Бұл про­це­­дура да сот ар­қы­лы жүзеге асы­­ры­лады. Яғни, аза­мат­­тар өзі тұра­тын жер­­­дегі жер­гілікті сот ор­ган­да­ры­на жүгінуі керек. Қалпына кел­­тіру ша­ра­­ла­рына мү­ліктің бір бө­лігін сату, мү­лікті жалға беру, жаңа үй сатып алу арқы­лы тұрғын үй­ді сату, құны тө­мен тұрғын үй­ге айыр­бас­тау­ды және басқа да ша­раларды қам­тиды. Процедура жоғарыдағы екі түрлі процедурадан тиім­дірек, себебі салдары жеңіл, тіпті жоқ деуге де болады. Мұндай азаматтарға «банк­рот» де­ген мәртебе берілмейді. Не­сие алуға шек­теу жоқ, қаржылық жағ­дайына мониторинг жүргізілмейді. Қарызын 5 жылға дейін бөліп төлей алады. Төлем қа­білетін жақ­сарту үшін қаржы кеңес­ші­сінің көмегіне жүгіне алады. Қарызы­ның бір бөлігін есептен шығаруға мүмкіндік алады. Егер сот борышкерге төлем қа­бі­лет­­ті­лі­гін қалпына келтіру проце­ду­расын қолдану туралы шешім қабыл­даса, қаржы менеджері бір ай ішінде борышкермен бірге төлем қабілеттілігін қал­пына келтіру жоспарын жасауы ке­рек. Жоспар бес жылдан аспайтын мер­зімге жасалуы тиіс. Содан соң сот жоспарды қарап, оны бекітеді немесе төлем қабі­лет­тілігін қалпына келтіру процедурасын тоқтату туралы шешім қабылдайды. Егер кредиторлардың барлық ескертуі ес­керілсе немесе қаржы басқарушысы қоса берген есеп айырысулар жоспардың орын­далуы төлем қабілеттілігі рәсімі тоқ­татылған жағдайға қарағанда кре­ди­торлардың талаптарын көбірек қана­ғаттандыратынын куәландырса, жоспар бекітіледі.

Шетел тәжірибесінен мысалдар 

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң немесе ұқсас тетік­тер шетел тәжірибесінде де кеңінен қол­данылады. Олар көбіне борышкер­дің жауапкершілігіне негізделеді екен. Мысалы, Испанияда егер борышкер про­цедура басталғанға дейін бірнеше жыл бойы жұмыс іздеуден немесе жұмыс ұсыныстарынан негізсіз бас тартса, ол бұл процедураны қолдана алмайды. Гер­манияда да осындай жағдай. Ресейде бұл процедураны 5 жылда 1 рет­тен жиі емес, АҚШ-та-8 жылда 1 рет, Ис­панияда, Литвада және Латвияда 10 жыл­да 1 рет қолдануға болады. Финлян­дия­да бір рет қана жеке тұлға шамадан тыс борыштық жүктемені реттеу жүйе­сі­не жүгінуге құқылы. Ирландияда әлеу­меттік форс-мажор жағдайлардың (жұ­мыссыздық, ауру және т.б.) салда­ры­нан табысынан айырылған немесе қары­зын өтей алмай жүрген азаматтарға ғана банкроттық процедурасы қолданылады.  width=Расул РЫСМАМБЕТОВ, қаржыгер:

Заңның кем-кетігі бастама іске қосылғанда байқалады

– Азамат­тары­ның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы заңның қабылдануы алға басқан үлкен қадам деп айтуға болады. Бұл –нарық қатысушысының барлығына өте тиімді тетік. Біріншіден, қарыз алушыға қарызынан құтылуға, нақтырақ айтқанда, қарызының қайта құрылымдауына мүмкіндік береді. Екінші жағынан кредит тарихын жақсартады. Ал банктерге бұл тетік қарыз алушымен барлық мәселені шешуге, яғни төленбеген қарыздардан құтылуға жол ашады. Банктер де төленбеген қарыздардан зардап шегеді. Өйткені банктер ресурсын проблемалық қарыздарға бағыттаған сайын соғұрлым кредит беруі де шектеледі. Бұл заңның қабылдануы туралы. Ал бұл тетіктің салдарына тоқталайық. Белгілі бір заң қабылданса, әлбетте сол заңның орындалуы барысында байқалуы мүмкін қандай да бір салдары болады. Өйткені банкроттыққа өтініш берген адам ізінше белгілі бір уақытқа дейін кредит алу құқығынан айырылады. Банк те бұдан зардап шегеді, сондықтан олар «қайтып келген» қарыз алушыларға деген көзқарасын сәл өзгертуі де мүмкін. Екіншіден, банктер болжам жасау кезінде қарыз алушылардың банкроттыққа өтініш беруі мүмкін екенін де қарастыруы керек болады. Осы және басқа да мәселелер, жалпы заңның кем-кетігі жүзеге асқан кезінде біртіндеп белгілі бола бастайды деп ойлаймын. Менің ойымша, жеке тұлғалар банкроттыққа арыз бергеннен кейін оларға да кей нәрселер ұнамай, кей нәрселерге наразы бола бастайды. Сондықтан да жыл ішінде әлі де заңға түзетулер енгізілуі мүмкін. Осылайша, әрі қарай жеке тұлғаларға да, банктерге де тиімді болатындай ахуал қалыптасқанша жұмыстар жалғасады деп ойлаймын. P.S. Егер қарыз алушы өзінің қаржылық жағдайы, мүлкі туралы қандай да бір мәліметтерді жасырар болса немесе жалған ақпарат берсе әкімшілік кей жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де тартылатын болады. Өтініш беру тәртібі немесе басқа да толық ақпарат Қаржы министрлігі мен ведомствоның Кірістер комитеті сайтында жарияланған, одан бөлек 1414 (қосымша нөмір 3) нөміріне хабарласуға, арнайы Тelegram-чат ботқа қосылуға болады. Жалпы, заң жобасы қарызы көптердің жағдайын оңалтуға сеп болады деген сенім бар. Шетел тәжірибесінде де бұрыннан қолданылып келе жатқан тетік. Заңның кем-кетігі де жұмыс барысында жөнделе жатар.

Серіктес жаңалықтары