50248
Павлодар тұрғынының итін өлтірген мал дәрігері жазаға тартылды
Павлодар тұрғынының итін өлтірген мал дәрігері жазаға тартылды
Ақсу қаласы Қалқаман ауылының полиция бөліміне әйел адам өзінің итін ұйықтатып тастаған белгісіз адамға шара қолдануды сұрап шағымданған деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті полицияда тіркелген.
Учаскелік полиция инспекторы материалды пысықтау барысында 18 қаңтарда Ақсу қаласының ветеринария бөлімі ауыл тұрғындарының арызы бойынша қаңғыбас иттерді (дротикпен ату) атқанын анықтады.
«Осы факті бойынша полиция оқ атқан 24 жастағы мал дәрігеріне қатысты ӘҚБтК-нің 407-2 бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ арызданушы материалдық шығынды өндіру мәселесі бойынша сотқа азаматтық іс жүргізу тәртібімен жүгінуі қажет», – деді Павлодар облысы Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.