Аштық жариялаған мұнайшылар сотқа тартылды

Аштық жариялаған мұнайшылар сотқа тартылды

Аштық жариялаған мұнайшылар сотқа тартылды
ашық дереккөзі
260
Ақтауда бүгін қалалық сотында Ақтауда Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын тіркеу туралы талаппен Oil Construction Company (OCC) компаниясының Қаламқас кенішінде аштық жариялаған 28 жұмысшының үстінен сот басталды.
Жұмысшылардың айтуынша, сот OCC компаниясының шағымы бойынша өтіп жатыр. OCC шағымында жұмысшылардың аштық акциясын заңсыз деп танып, олардың 6 қаңтардан 22 қаңтарға дейінгі аралықта аштық ұстауы салдарынан компания тартқан "3 миллион теңге шығынды" өндіріп алуды сұраған. Сотқа жиырмадан астам жұмысшы келді. Олардың көбі өздеріне сотқа шақырту WatsApp қосымшасы арқылы келгенін айтады. Жұмысшылар іс материалымен таныса алмағандарын айтып, соттан уақыт беруді, өздеріне адвокат тағайындауды сұрады. Судья оларға материалмен танысуға 15 минут қана уақыт берді. Сотқа шақырылған 28 адамның сегізі бұған дейін сотқа тартылған. 19 қаңтарда Ақтау қалалық №2 соты OOC шағымы бойынша осы компанияның сегіз жұмысшысын сотқа тартқан. Сот сегіз жұмысшыны компанияның кәсіподақ кеңсесіндегі аштық акциясын "заңсыз" деп тауып, оны тоқтатуға міндеттеген. Ал 20 қаңтарда сот сегіз жұмысшыға "жұмысшыларды аштық жариялауға заңсыз шақырды" деп айыптап, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды. Бір айлық есептік көрсеткіш қазір 2269 теңге.

Серіктес жаңалықтары