273
ҚР Денсаулық сақтау министрі тағайындалды
ҚР Денсаулық сақтау министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі болып бөлінді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметіне Е.А. Біртанов тағайындалды.
«Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын», делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Ал ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Тамара Дүйсенова тағайындалды.