Алматыда екі оқушы бір аптадан бері табылмай жатыр
Алматыда екі оқушы бір аптадан бері табылмай жатыр
Алматыда екі оқушы жоғалып кетті. Еріктілер мен полиция оларды іздеуді жалғастыруда деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
7 ақпанда 14 жастағы екі бала Алматының Бостандық ауданындағы № 63 мектептен (Әбіш Кекілбайбайұлы көшесі, 88) шығып, үйлеріне оралмаған.
Еріктілер бұған дейін жасөспірімдердің бірінің жоғалғаны туралы хабарландыру жариялаған болатын. Балалар бір аптадан бері табылмай жатыр.
«Іздеу жалғасуда. Полиция ешқандай ақпарат берген жоқ. 7 ақпанда олар мектептен бірге шығып, досының туған күніне барған. Сол уақыттан бастап олар үйге оралмады. Еріктілер іздеуге көмектесіп жатыр. Оларды қалада көргендер көп екенін, бірақ неге әлі таба алмай жатқандарын түсінбейміз», - деді жасөспірімдердің бірінің анасы Динара Төбеева.
Алматы полициясы Бостандық ауданының полиция басқармасымен бірге іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Жасөспірімдерді іздеуге қылмыстық және ювеналды полиция бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Қазір балалардың орналасқан жерін анықтауға және оларды үйлеріне қайтаруға бағытталған іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», - деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.
Жасөспірімдердің орналасқан жері туралы білетіндердің барлығы көрсетілген телефондардарға қоңырау шалып, полицияға жүгіне алады.