Медициналық бұйымдар шығаратын зауыт іске қосылды

Медициналық бұйымдар шығаратын зауыт іске қосылды

Медициналық бұйымдар шығаратын зауыт іске қосылды
ашық дереккөзі
427

Шымкенттегі «Тассай» индустриялды аймағында медициналық жабдықтардың 17 түрін шығаратын зауыт іске қосылды. «Marai E7 Group» жобасының ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, зауыттың жұмыс барысымен танысты.

Өңір басшысы облыс экономикасын әртараптандыру және өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуда индустриялық аймақтардың маңызды рөл атқарып отырғанына тоқталды.

«Аталған аймақтардың бірі - Тассай индустриалды аймағы. Жалпы аумағы 89 га құрайтын аймақта бүгінде 24 инвестициялық жоба іске асырылуда. Осы жобалардың бірі «Marai E7 Group» ЖШС-ның медициналық мақсаттағы ортопедиялық бұйымдар шығаратын зауыты. Жоба аясында облысқа 393 млн. теңге инвестиция тартылып, 50 адам жұмыспен қамтылатын болады»-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Оңтүстік кореялық технологиямен жабдықталған кәсіпорында жылына 500 мың бинт пен 274 мың ортопедиялық бұйым әзірленетін болады. Зауыт өнімі түрлі сынық-жарақатта қолданылып, салмағының жеңілділігі, эластикалық иілгіштігі, рентген өткізгіштігімен және жылдам қатаюымен ерекшеленеді. ТМД елдері бойынша аналогы жоқ кәсіпорын Қазақстан нарығын толық қамтамасыз етуге қауқарлы.

Айта кетейік, «Marai E7 Group» зауытының дайын өніміне сұраныс өте жоғары. Қазіргі таңда өндіріс орны Түркия, Өзбекстан және Қызғызстан елдеріне өнімдерін экспорттау мақсатында жұмыс жасап жатыр.

Аталған кәсіпорын «СҚ-Фармация» ЖШС-мен 10 жылға ұзақ мерзімді келісімге қол қойып, бірлесе жұмыс істеуге уағдаласып отыр.

Серіктес жаңалықтары