Түркия Президенті Р.Т.Ердоған Қазақстанға ресм сапармен келеді

Түркия Президенті Р.Т.Ердоған Қазақстанға ресм сапармен келеді

Түркия Президенті Р.Т.Ердоған Қазақстанға ресм сапармен келеді
ашық дереккөзі
340

Бұл Р.Т. Ердоғанның Түркия Президенті ретінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ. Ол сапарында Астана мен Түркістан қалаларында да болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түрік елі басшысының сапары 16-17 сәуір күндеріне жоспарланған.  Түрік Республикасының Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапары жоғары деңгейдегі саяси үнқатысудың жалғасы болып, тараптардың халықаралық аренада өзара белсенді әрекеттесуі және екіжақты қарым-қатынастардың әртүрлі сала бойынша ырғақты дамуы аясында жүзеге асырылмақ делінген агенттік хабарында.

Қазақстанның Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, Түркістанда Түркия Дін істері басқармасының қаражатына салынған үлкен мешіттің, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жаңадан салынған ғимараттарының (университеттің медициналық факультеті мен студенттік жатақхана ғимараттары, намазхана, футбол алаңы) салтанатты түрде ашылуы жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары