Грузия "Шенген аймағына" қосылды

Грузия "Шенген аймағына" қосылды

Грузия "Шенген аймағына" қосылды
ашық дереккөзі
464
Еуропарламент Грузия азаматтарының "Шенген аймағы" елдеріне визасыз баруын қолдап дауыс берді.
Еуропарламенттегі дебат кезінде депутаттардың көпшілігі визасыз жүйеге Грузияны қосу туралы шешімді қолдады, бірақ Ұлыбритания және Голландия депутаттары мұндай шешімге әлі ерте деп отыр. Бұған дейін Еуропарламент мүшесі Мария Габриэль Грузия жөнінде баяндама жасап, осы елдің тұрғындарының ЕО елдеріне биыл наурыз айынан бастап визасыз бара алатынын айтты. Еуропарламент отырысын грузиндік телеарналар тікелей эфирде көрсетті. Отырыста қандайда бір заң бұзушылық болған жағдайда, Еуроодақ визасыз жүйені алып тастайы алатыны айтылды.

Серіктес жаңалықтары