Витас ресми мәлімдеме жасады

Витас ресми мәлімдеме жасады

Витас ресми мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
144
Ресейлік танымал әнші Витас ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы ресейлік әнші әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялады. «Қымбатты достар! Ресми мәлімдеймін: соңғы төрт күнде менің тарапыма әлеуметтік желілерде жағымсыз пікірлер тым көп айтыла бастады. Мен кез келген шығармашылыққа, әрбір шығармашылық адамға құрметпен қарайтынымды айтқым келеді. Сот органдарына жүгінуге немесе сараптама жасауға, бөтеннің мүлкіне таласуға, басқа әртістердің шығармашылық өміріне я өнеріне араласуға бейім адам емеспін. Ешқашан бұлай жасамаймын да», — деп жазды Витас. Сонымен қатар, ол кез келген әртістің айналасындағы құқықтар қайшылығы жайлы мәселенің белгілі бір елдің мүддесін қорғайтын продюсердің және компанияның құзыреті екенін айтып отыр. «Заң бойынша даулар болған да, болады да және танымал орындаушыларға қатысты мұндай мәселелердің шығуы — қалыпты жағдай, бірақ бұл жағымсыз пікірге, қақтығысқа, әсіресе қорлауға себеп болмауы керек», — деп жазды Витас Фейсбуктегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары