Түркістанға рухани және тарихи астана мәртебесі беріле ме?

Түркістан – түркі тарихында ерекше орны бар қала. Мұнда еліміздің тарихы мен мәдениетінің ірі ескерткіштері орналасқан. Ал басты маржаны – ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістанға рухани және тарихи астана мәртебесін беру мәселесі талқыланды. Бұл туралы Премьер-министр орынбасарының міндетін атқарушы Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде хабарлады.

Түркістанға рухани және тарихи астана мәртебесі беріле ме?
ашық дереккөзі
51147

«Маңызды мәртебе Түркістанның тарихи бөлігінің ауқымын сақтау үшін белгілі бір қала құрылысы ережелерін сақтауды көздейді, сондай-ақ ластануды және стихиялық урбанизацияны болдырмауға көмектеседі», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Естеріңізге сала кетейік, қаланы түркі әлемінің Халықаралық Туризм және қажылық орталығына айналдыру жоспарланып отыр.

«Ерекше мәртебе беру үшін бірқатар заңдар мен кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Түзетулер Түркістан қаласының әкімдігіне туристік саланы дамыту жөнінде құзыреттер беруге, қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтуға, сәулет келбетін қалыптастыруға, сәулет-қала құрылысы тәртібінің бұзылуына жедел ден қоюға, тарихи-мәдени мұра нысандарын есепке алу және зерделеу бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай нысандардың ішіндегі ең маңыздысы XIV ғасырға жататын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау – Президенттің тағы бір тапсырмасы. 2021 жылы «Қазқайтажаңарту» қызметкерлері кесененің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізді. Сол кезде ол қанағаттанарлық деп бағаланды. Алайда температура мен ылғалдың маусымдық өзгеруі тарихи ғимаратқа кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, дренаждық құдықтар арқылы ағызылатын жерасты суларының қаупі бар», - деді ол.

Ескерткішті сақтау үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің үйлестіруімен зерттеу жұмыстарының кешенді бағдарламасын іске асыру басталды.

«Ол биыл реставраторларды, экологтарды, геологтарды және басқа да мамандарды тарта отырып жүргізіледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – бірегей сәулет ескерткіші. Оны ұрпақ үшін бастапқы күйінде сақтау қиын, бірақ орындалатын міндет. Ол үшін ғылымды, әлемдік қалпына келтіру тәжірибесін және заманауи техникалық жетістіктерді пайдалану қажет», - деді Алтай Көлгінов.

Серіктес жаңалықтары