Қоржында 10 алтын, 3 күміс жəне 9 қола медаль бар

Қоржында 10 алтын, 3 күміс жəне 9 қола медаль бар

Қоржында 10 алтын, 3 күміс жəне 9 қола медаль бар
ашық дереккөзі
634
Қазақстандық биатлоншылар Универсиаданың аралас эстафетасында бас жүлде үшін тартысты өткен сайыста ресейлік спортшыларға есе жіберіп, күміс медальды олжалады.  Бүгін "Алатау" шаңғы - биатлон кешенінде биатлоннан аралас эстафетадан жарыс өтті. Бұл бəсекеде ел намысын Галина Вишневская, Дарья Усанова, Василий Подкорытов жəне Антон Пантов қорғады. Жарыс нəтижесінде бас жүлде ресейліктерге, күміс қазақстандықтарға  бұйырды. Қола Украина құрамасының қоржынына түсті. Айта кетерлігі,  Галина Вишневская мен Дарья Усанова ресейліктерден 1,5 минуттық басымдық көрсеткен еді. Өкінішке орай Василий Подкорытов нысана көздеуде жиі қателікке бой алдырды. Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 10 алтын, 3 күміс жəне 9 қола медаль бар.  

Серіктес жаңалықтары