Науқастың дертін асқындырған дәрігерлердің жазасы жеңілдемек

Науқастың дертін асқындырған дәрігерлердің жазасы жеңілдемек

Науқастың дертін асқындырған дәрігерлердің жазасы жеңілдемек
ашық дереккөзі
50313

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, біздің министрлік «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасында медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқықбұзушылықтарды ізгілендіру және ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету жөніндегі нормалар ұсынылды», - деді Ажар Ғиният.

Министр аталған өзгеріс неліктен енгізілгенін айтып өтті.

«Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігіне қатысты ұсынылған модель және олар міндетін тиісті атқармаған жағдайда жазаны жеңілдету алдымен азаматтардың құқығын қорғауға бағытталады. Медициналық қызметтерді алу кезінде денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, сол сияқты медицина қызметкерлерінің жеке және қаржылық құқығын қорғаудың мүмкіндігі артады. Одан бөлек, медицина саласынан білікті мамандардың кетуін азайтуға бағытталып отыр», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары