Әкімдерді сайлау – демократияны нығайту бағытындағы тың қадам

Әкімдерді сайлау – демократияны нығайту бағытындағы тың қадам

Әкімдерді сайлау – демократияны нығайту бағытындағы тың қадам
ашық дереккөзі
977

Әкімдерді сайлау – демократияны нығайту бағытындағы тың қадам. Сонымен бірге бұл жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру тұрғысындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастаманың өмірге жолдама алғанының нақты көрінісі. Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес.

2021 жылы өткізілген ауыл әкімдерін сайлау сәтті өтті. Ол елді басқаруды ұйымдастырудың тиімді жолы ретінде бағаланады. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлауды жалғастыру мемлекеттік саясаттың басымдығы болып отыр және ары қарайғы әкімдердің тікелей сайлауы олардың өкілеттіктерінің аяқталу мерзіміне қарай 2022 - 2025 жылдары арасында өтеді деп жоспарлануда. Сонымен 2022 жылы – 352, 2023 жылы – 499, 2024 жылы – 585, 2025 жылы – 72 ауыл әкімі сайланатын болады. Бұл көрсеткіш бізді қуантады.

Ауыл әкімдері сайлауы тұрғындар көңілінен шығып отыр. Мысалы менің Түркістан облысы Ақдала ауылдық округіне барған сапарымнан алынған сұхбат аясында ауыл тұрғыны «Ең біріншіден ауыл әкімі осы ауылдан туып өскен, осы ауылдың кем тұстарын білетін болғаны дұрыс. Себебі ол осы ауылда өскеннен кейін жанашыр болып өседі, өз ауылын білетін болады. Екіншіден, тума туыс, ағайындары осы ауылдан болғаннан кейін әкім үшін жемқорлыққа бару, үлкен қылмыс болып көрінетін болады. Сол үшін ауыл әкімі сол ауылдың тұрғыны болу керек», - деді.

Сондай-ақ сайлау науқанында үгіт насихаттың қазіргі заманғы ең тиімді көзі ретінде ауыл әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы таратылуына тоқталатын болсақ, оларды ең алдымен әртүрлі бұқаралық ақпарат көздерінің түрлері бойынша қарастырамыз. Сол ақпарат көздеріндегі ауыл әкімдерін сайлау туралы ақпараттың таралымының аудиторияда қабылдануын жағымды, жағымсыз, нейтралды сипаты бойынша анықтаймыз.

Сурет - 22. Бұқаралық ақпарат көздерінің түрлері бойынша мониторинг (24.06.2021-24.07.2021). alem.kz мониторингтік сайтынан

 width=

Суретте көрсетілгендей бұқаралық ақпарат көздерінің түрлері бойынша alem.kz бағдарламасында 24.06.2021-24.07.2021 аралығын қамтыған мониторинг жасалды. Мониторинг қорытындысы бойынша ақпараттық агенттіктерде ең көп ауыл әкімдерін сайлау туралы ақпараттар таратылған. 1867 ақпарат нейтралды, 63 жағымсыз, 17 жағымды ақпараттар статистикасы ақпараттардың нейтралды сипатының басымдығын көрсетеді. Демек заматтардың ауыл әкімдерін сайлау мәселелерін ақпараттық агенттіктерде  бәсең талдағаны байқалады. БАҚ басылымдарда нейтралды 1008, жағымсыз 45, жағымды 2. Интернет сайттарда  нейтралды 651, жағымсыз 13, жағымды 5. Теледидарда нейтралды 537, жағымсыз 13, жағымды 5. Яғни азаматтардың бұқаралық ақпарат құралдарында ауыл әкімдерін сайлауға байланысты ақпараттарға пікірлерін білдіру, талқылау баяу жүрді деп айтуға негіз бар.

Сурет - 24. Әлеуметтік желілердегі ауыл әкімдерінің сайлауы туралы материалдардың талқылану көрсеткішіне мониторнг. (24.06.2021-24.07.2021) alem.kz мониторингтік сайтынан алынды.

 width=

alem.kz бағдарламасының 24.06.2021-24.07.2021 уақыт аралығына жасалған мониторнгке сүйене отырып, әлеуметтік желілердегі ауыл әкімдерінің сайлауы туралы материалдардың талқылану көрсеткіші анықталды. Ауылдық әкімдерді сайлауға қатысты ақпараттардың талқылану басымдығы facebook.com әлеуметтік желісінде 12318 ақпараттар талқыланған. vk.com 3225, instagram.com 2257, youtube.com 1397, telegram.org 936, twitter.com 292, ok.ru 284 материалдар талқыланды. Сонымен мониторинг негізінде facebook.com саяси мәселелерді талқылайтын тиімді әлеуметтік желі ретінде анықталды. Демек сайлау кампаниялары үгіт насихат материалдарын орналастыруда facebook.com әлеуметтік желісін таңдау арқылы өз сайлаушыларына үгіт насихаттарын жеткізіп, өзінің жеңіске жету мақсатына жақындайтын алаң деген қорытындыға келуге болады.

Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты реформа - саяси партияларға берілген жақсы мүмкіндік. Өйткені бұған дейін ауыл әкімдері жергілікті мәслихат депутаттарының шешімімен, жанама дауыс беру арқылы сайланып келген. Енді елді мекеннің басшысын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы анықтайтын болды. Сайлауға саяси партиялар кандидат ұсына алады немесе кез келген азамат өзін-өзі ұсыну құқығына ие.

Бір сөзбен айтқанда,  еліміз ауыл әкімдерін сайлау мәселесіне ұзақ даярлықпен келді. Бұл жерден ой түйетін тұжырым ауыл тұрғындары өз басшысын өздері таңдап, алға қойылған мақсат-міндеттерге бірге жетеді.

М. Болысбек,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Аталмыш мақала ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитетімен қаржыландырылды. (ЖТН №АР15473291)

Серіктес жаңалықтары